Наталья Богданова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз ширек финалда Өзбекстан өкілі Азиза Зокировамен жұдырықтасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің басым дауысымен Наталья Богданова жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы Азия ойындарының кемінде қола жүлдесін қамтамасыз етіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Наталья Богданова 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген еді. Бұл салмақ Олимпиада бағдарламасына енбегендіктен, қазақстандық спортшы 75 келіге дейінгі салмаққа ауысқан.
