Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындары аясындағы кураш жарыстары жалғасып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 81 келі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдесіп, 0:10 есебімен жол берді.
Осылайша, отандасымыз кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда Әділет Ахметғали Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен сенімді жеңген болатын.
