Қырғызстан құрамасының грек-рим күресінен көшбасшыларының бірі Жоламан Шаршенбеков Астанада өтетін әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Бапкерлер штабымен ақылдасып, Астанада өтетін әлем чемпионатына қатыспау туралы шешім қабылдадық. 2027 жылы өтетін лицензиялық әлем чемпионатына жақсы дайындалып, сол жарыста өнер көрсеткіміз келеді», — деді Шаршенбеков.
Жоламан Шаршенбеков — әлемнің екі дүркін чемпионы (2022, 2023). Сондай-ақ 2018 және 2021 жылдары әлем чемпионатының финалына шыққан.
Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын Айдос Сұлтанғали қорғайды. Ол 2025 жылғы әлем чемпионы.
