Желі қолданушысы балаларын бокс пен күреске беретін ата-аналардың таңдауына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Оның сөзінше, бокс пен күресте бәсекелестік жоғары болғандықтан, спортшыларға үлкен табысқа жету оңай емес.
«Көп қазақ балаларын бокс пен күреске береді. Бірақ оның еш болашағы жоқ деп ойлаймын. Ол жақта бәсекелестік өте көп. Жақсы табысқа жету үшін көптеген жыл еңбек етесің әрі денсаулығыңды құрбан етесің. Осыны ойланып, түсінгеннен кейін баламды хоккейге беремін деп шештім. Бокс пен күрес сияқты қымбат спорт түрі емес. Бірақ ертеңгі күні үлкен нәтиже мен табыс әкелуі мүмкін.
Мысалы, ҚХЛ лигасындағы спортшылардың орташа жалақысы
10- 20 миллион теңге. Мен баламның болашақта осындай жалақы алып, жақсы өмір сүргенін қалаймын. Кейде кезінде мықты болған боксшылар мен балуандардың күзетші болып жүргенін көремін. Соған қарап, жекпе-жек спортында көп ақша жоқ екенін түсінуге болады. Тіпті футболда да жалақы жоғарырақ», — деді желі қолданушысы.
