Зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы Қытайда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі (182+217) көтерді. Осылайша, Нұрғиса әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы жұлқа көтеру мен серпе көтеру жаттығуларының екеуінде де күміс медаль иеленді.
95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштік мынадай:
1. Карлос Насар (Болгария) — 415 кг (185+230)
2. Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) — 399 кг (182+217)
3. Али Әлипур (Иран) — 396 кг (181+215)
Осылайша, Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.
