Алматыда таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты отандық таеквондоның дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстанның U21 құрамасының аға жаттықтырушысы болған марқұм Төлеген Темірланұлын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Төлеген Төлемұратов — қазақ таеквондосының қалыптасуы мен өркендеуіне өзіндік үлес қосқан білікті бапкер. Ол ұзақ жылдар бойы спортшыларды тәрбиелеп, ел чемпиондары мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздарын дайындады.
Білікті бапкердің отандық таеквондоға сіңірген еңбегі мен артында қалдырған өнегелі жолы ұмытылмайды. Оның тәрбиелеген шәкірттерінің жетістіктері мен жарқын есімі қазақ спортының тарихында сақталады.
