Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында жартылай финал мәресіне жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
48 келіде бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева жастар арасындағы Азия чемпионы Айым Тәңкібаеваны 5:0 есебімен жеңді.
54 келіде үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Жайна Шекербекованы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп, финалға жолдама алды.
57 келіде Шахназ Исаева әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Карина Ибрагимованы 3:2 есебімен жеңді. Ал екінші жартылай финалда Алина Құдайгенова жекпе-жекке шықпағандықтан, Ұлжан Сәрсенбек финалға автоматты түрде өтті.
60 келіде Виктория Графеева былтырғы Қазақстан чемпионы Римма Волосенкодан 5:0 есебімен басым түсті.
65 келіде екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева Ақнар Ищанованы 5:0 есебімен жеңді.
70 келіде Бақыт Сейдіш Анастасия Баязитованы жеңіп, финалға шықты.
75 келіде Жасмин Қизатова жекпе-жекке шықпай, қола жүлдегер атанды.
80 келіде Надежда Рябец Гүлсая Ержанды 5:0 есебімен жеңді.
80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова Әсел Тоқтасынмен жекпе-жегін екінші раундта мерзімінен бұрын аяқтады.
Аса ауыр салмақта Елдана Талипова Валерия Аксенованы 4:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
