World boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко және Германия құрамасының бұрынғы футболшысы Месут Озил Украинаның «Миротворец» сайтының дерекқорына енгізілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Геннадий Головкиннің тізімге енуіне World Boxing ұйымының 2026 жылғы тамызда ресейлік боксшыларға ұлттық туы мен әнұраны астында жарыстарға қатысуға рұқсат беру туралы шешімі себеп болған.
Арина Соболенко қараша айында WTA қорытынды турниріндегі жанжалдан кейін аталған тізімге қосылды. Беларусь теннисшісін украиналық спортшыларға тіл тигізді деп күдіктенген. Оқиға оның Элина Свитолинамен кездесуі кезінде болған.
Соболенко эмоциялық реакциясы қарсыласына емес, трибунадағы бір топ көрерменге бағытталғанын түсіндіріп, әрекеті үшін кешірім сұраған.
Месут Озилдің тізімге енуіне FIFA мен UEFA ұйымдарын сынаған мәлімдемесі себеп болған. Оның айтуынша, Ресей клубтары мен құрамалары халықаралық жарыстардан шеттетілгенімен, Израиль командаларына қатысуға рұқсат берілген.
Айта кетейік, «Миротворец» — Украинада құрылған бейресми интернет-ресурс. Онда сайт авторлары Украинаға қарсы әрекеттерге қатысы бар деп санайтын адамдардың жеке деректері жарияланады.
