Мәлік Мұқашев Кореяда өтіп жатқан пара таеквондодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық спортшы К41 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, Мәлік Мұқашев мансабында үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Бұл салмақта екінші орынды Ирак өкілі Саид Сабах Хамид әл-Фаххам иеленсе, Түркия спортшысы Яшар Сами Гокбаба қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Қайырғали Юсупбеков К41 санатында 63 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы әлем чемпионаты 20-22 қараша аралығында өтуде. Байрақты бәсекеге әлемнің 60 елінен 240-тан астам спортшы қатысып жатыр.
