Кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Германияның Ландсхут қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз аргентиналық Дебора Анахи Лопесті жеңді.
Қос боксшының жолы бұған дейін де түйіскен. 2013 жылы София қаласында өткен әлем чемпионатында екеуі де бақ сынаған. Арада 13 жыл өткен соң олар кәсіпқой рингте қайта кездесіп отыр.
Айта кетейік, Германиядағы кездесу Лукас үшін ерекше мәнге ие болды. Себебі бұған дейін ол мансабына уақытша үзіліс жариялаған еді. Алайда араға көп уақыт салмай, қайтадан рингке оралды.
