Қазақстандық хоккейші Леонид Метальников «Адмиралмен» жаңа келісімшартқа қол қойды, деп жазады Metaratings.ru сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Жаңа келісімге сәйкес, ол жылына 24 млн рубль пайда көреді. Теңгеге шаққанда ол 117 миллион табыс таппақ.
19 наурыз күні «Адмирал» қазақстандық хоккейшімен келісімді тағы бір жылға ұзартты.
Өскемен түлегі ҚХЛ-дың биылғы маусымында 63 матч өткізіп, 12 ұпай жинады.