Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Люксембург құрамасымен өтетін ойын туралы айтып берді, деп жазады ұйымның ресми сайты.
– Грекиядағы жеңілістен кейін команданың көңіл күйі қалай?
– Әрине, көңіл жабырқаулы. Қазақстан тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатына баруға мүмкіндік алды. Әлі де ойымыздан кете қойған жоқ, өкініп отырмыз. Дегенмен, өткенді ұмыту керек. Жанкүйерлеріміздің көз алдында есімізді жию қажет.
– Алдағы ойында Игорь Шацкийдің орнына басқа қақпашы шыға ма?
– Қақпашылар бапкерімен сөйлестім. Шацкийді ауыстырамыз деп сұрадым. Бірақ ол Грекиядан бес гол жібергеннен кейін еңсесін түсірмеген. Психологиялық тұрғыдан қалыпты. Сондықтан алғашқы минуттан Люксембургпен матчта Игорь өзі шығады.
– Енді матчта ротация көреміз бе?
– Ротация болады. Жаңа ойыншыларды байқап көреміз. Болашаққа қарау керек. Грекиямен кездесумен салыстырғанда өзгерістер жасаймыз.