Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі, Азия ойындарының жүлдегері Эрика Жайлауова Болгариядағы халықаралық сында қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Эрика көпсайыс қорытындысы бойынша 125.25 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.
Бұл бәсекеде ол әлем чемпионы, болгариялық Боряна Колейн мен оның отандасы Эльвира Краснобоеваға жол берді.
Еске салсақ, Эрика Жайлауова танымал хоккейші Талғат Жайлауовтың қызы. Ол бірнеше жылдан бері ұлттық құрама сапында ел намысын қорғауда.