Бокстан Астанада өтетін спаррингтік турнирде 63,5 келідегі боксшылардың жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов пен 2023 жылғы әлем біріншілігінің финалисті Дулат Бекбауов бірінші айналымда кездеседі.
Екі спортшы да 63,5 келіге жақында ауысқан.
Ал 63,5 келідегі бұрыннан бақ сынайтын Ертуған Зейнуллинов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші кезеңде жолығады. Зейнуллинов Азия ойындарында, Базарбайұлы Италиядағы лицензиялық турнирге бақ сынап үлгерді.
Ал осы салмақтағы ел Спартакиадасының қола жүлдегері, Литвадағы халықаралық турнирдің жеңімпазы Жандос Қыдырәлиев бірінші кезеңде бос. Ол Зейнуллинов/Базарбайұлы жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Төрехан Сабырхан жасының кішілігіне байланысты спаррингтік бәсекеден бас тартты.