Астанада бокстан спаррингтік турнир басталып, 63,5 келідегі алғашқы жекпе-жек аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бірінші кездесуде Ертуған Зейнуллинов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жұдырықтасқан болатын. Тартысты жекпе-жекте төрешілер шешімімен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жеткен. Есеп — 4:1.
Айта кетелік, Зейнуллинов Базарбайұлына ел Спартакиадасында да есе жіберген еді.
Енді жартылай финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Жандос Қарабалиевпен кездеседі.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі