Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 54 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жек аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұлттық құраманың тәжірибелі мүшесі Жайна Шекербекова бүгінде кәсіби бокста жүрген Балауса Мұздыман кездескен болатын.
Аталған жекпе-жекте Жайна Шекербекова еш қиындықсыз жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетелік, Шекеребекова Италиядағы лицензиялық турнирде жеңілген болатын.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі