Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия біріншілігінде еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан бірінші белдесуін өткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
97 келі салмақта елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан турнирді жеңіспен бастады. Ол қырғызстандық Андрей Ароновтан 6:0 есебімен басым түсті. Оның ендігі қарсыласы — өзбекстандық Махсуд Вейсалов.
Сондай-ақ, 65 келідегі Санжар Мұхтар мен 70 келідегі Мейіржан Әшіров те бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Олар тиісінше Палестина мен Түркменстан балуандарын ұтқан.