Күрестен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия біріншілігінде Ризабек Айтмұхан жартылай финалға өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
97 келіде белдесетін Ризабек Айтмұхан өзбек балуанын айқын басымдықпен ұтты. Енді ол финал жолдамасына таласады.
Бұған дейін Мейрамбек Қартбайдың жартылай финалға өткенін хабарлаған едік.
Өкінішке қарай, 65 келідегі Санжар Мұхтар мен 70 келідегі Мейіржан Әшіров ширек финалда қарсыластарына есе жіберді.
Ал 79 келідегі Азамат Өміржанов бірінші белдесуде моңғол балуанынан ұтылған.