КСРО құрамында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған Александр Кожевников алдағы әлем чемпионатында Қазақстанға жанкүйер болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Shaiba.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
«Әлем чемпионатында Қазақстанға жанкүйер болмаймын. Мен тек қана Ресей мен Беларусьті қолдаймын. Қазіргі әлем чемпионатын ми батпақ деуге болады. Егер Латвия сырғып кетсе, Қазақстанның мүмкіндігі жақсы. Латвия үштікке бара жатыр. Бұл қандай чемпионат?! Тіпті, күлкілі. Ресейсіз бұл турнир қызығын жоғалтты. Әдемілік жоқ. Қарсыластық қағидалары да жоғалды, сондықтан, Қазақстан да үшінші орын үшін күресуі мүмкін», — деді Кожевников.
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 2024 жылдың 10-26 мамыры аралығында өтеді. Қазақстан В тобында АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшаға қарсы ойнайды.