48 келіге дейінгі салмақта Астанада өтіп жатқан рейтингілік турнирде франциялық қарсыласы Ширин Боуклиді финалға өту мүмкіндігінен айырды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ғалия Тынбаева екінші айналымда Бедиоуи Оймаймайны, кейін тайпейлік қарсыласы Лин Чен Хао-дан айласын асырды. Осылайша, Ғалия Қазақстан құрамасының алғашқы финалисті атанды. Әлемдік рейтингте Ғалия 22-ші орында.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.