Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық биыл Азия чемпионы атанған Нао Куссакиге есе жіберді.
Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды.
Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.
Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 кг) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген. Отандасымыз Токиодағы өзінің алғашқы Олимпиадасында алғашқы айналымда Сёхэй Ябикудан (Жапония) жеңіліп қалған.
Демеу Жадыраевтың финалға дейінгі қарсыластары:
1/8 айналым. Хаир Алексис Куэро (Колумбия) 9-0.
Ширек финал. Ақжол Махмұдов (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы) 3-1.
Жартылай финал. Санан Сулейманов (Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері) 6-1
Демеу Жадыраевты алтынға пара-пар күміс жүлдесімен құттықтаймыз!
Фото: Тұрар Қазанғапов