
20 жастағы қақпашы Дмитрий Пахоленко кәсіби мансабын Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубында жалғастырады, деп хабарлайды Sportbugin.kz, Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Хоккейші клубтың квалификациялық ұсынысын қабылдап, жаңа маусымда да қарағандылық команданың құрамында өнер көрсетуге келісім берді.
Өткен маусымда Пахоленко Қазақстан чемпионатының тұрақты бөлігінде алты матчқа қатысып, қақпаға бағытталған соққылардың 92,1 пайызын қайтарды. Сенімділік коэффициенті – 2.07.
Сонымен қатар ол Jastar Hokei Ligasy аясында «Кармет» командасының сапында да алты ойын өткізді. Бұл кездесулерде қақпашының соққыларды қайтару пайызы 93,3-ке жеткен.
Дмитрий Пахоленконың көрсеткіштері оның кәсіби өсіп келе жатқанын дәлелдеп отыр. «Сарыарқа» жас вратарьға сенім артып, маусым алдындағы құрамын нығайтты.
Ақмерей Уалиханқызы