Қазақстан бокс федерациясының Бас хатшысы Мерей Ақшалов «қазақ-өзбек боксына» қатысты нақты пікірін айтты. Бұл туралы Qolda YouTube арнасына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
«Біз көрші мемлекеттер болған соң да, арамызда бәсекелестік бар. Қазір бұл жағынан олар қатты дамып жатыр, тек бокс қана емес, барлық спорт түрін дамытуда. Бокста да бізді қуып жетті. Біз әлем чемпионатында (World Boxing-2025) 7 алтын алғанымызбен, оның үшеуін қыздар, төртеуін жігіттер аалды. Ал Өзбекстанның ерлер құрамасы алты алтын медаль иеленді. Егер боксшы жігіттердің көрсеткішін есепке алсақ, біз жеңіліп қалдық», — деді Мерей Ақшалов.
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы соңғы екі Олимпиадада алтынсыз қалды. Ал Париж Олимпиадасында Өзбекстан боксшылары 5 алтын медаль жеңіп алды.
