
Сабыржан Аққалықов пен Нұрбек Оралбай жаңа салмаққа ауысты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Сабыржан Аққалықов 80 келі салмақта, ал Нұрбек Оралбай 90 келі салмақта шаршы алаңға шығады. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабар тараған болатын.
2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында бокс бағдарламасында салмақ дәрежелері қысқартылып, ерлер мен әйелдер үшін 7 санат қана қалатыны белгілі болды. Осы өзгерістерге байланысты боксшылар 80 немесе 90 келі салмақтың бірін таңдауы қажет болған деп ойлаймыз.
Бұл өзгерістер туралы сіз не ойлайсыз?
