
Өзбекстан бокс құрамасы World Boxing World Cup аясында өтетін 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын құрамын ресми түрде жариялады. Айтулы дода 16–27 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарысқа қатысушылар қатарында аса ауыр салмақта ел намысын қорғайтын Айбек Оралбайдың басты қарсыластарының бірі — Жахонгир Зокиров та бар. Бұл екі былғары қолғап шебері бұған дейін де рингте бірнеше мәрте жолыққан. Атап айтқанда, 2025 жылы Лос-Анджелесте өткен әлем чемпионатының шешуші жекпе-жегінде кездескен болатын. Екі кездесуде де
Айбек Оралбай қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлдені еншілесе, Зокиров күміс медальмен шектелген еді.
Айта кетейік, World Boxing World Cup аясындағы Әлем кубогының финалдық кезеңі 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді.
