Азия ойындарынан Ертуған Зейнуллиновтың салмағы алынып қалды деп хабарлайды, Sportbugin.kz.
Азия ойындарындағы бокс салмақ дәрежелерінің құрылымдарына өзгеріс енді. Ерлер бағдарламасы жеті салмақ дәрежесінен алты салмақ дәрежесіне қысқартылды. Яғни, 65 келі салмақ дәрежесіндегі боксшыларымыз Азия ойындарында өнер көрсетпейді.
Ерлерге арналған салмақ дәрежелері:
55, 60, 70 ,80, 90, +90
Айта кетейік, осы өзгерістерге байланысты Нұрбек Оралбай 85 келіден 90 келіге мен Аққалықов Сабыржан 75 келіден 80 келі салмаққа ауысқан болатын. Сондай-ақ, 55 келі салмақта үш бірдей әлем чемпиондары — Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан арасында жолдама үшін тартысты бәсеке болуы мүмкін.
