Бокстан әлем және Азия чемпионы Бекзад Нұрдәулетов ММА жауынгері Аманжол Жолтаевтың алдағы кездесуі туралы жазбасына пікір қалдырып, оған ерекше мотивация берді, деп жазады Sportbugin.kz.
MMA жауынгері Жолтаев өзінің instagram желісіндегі парақшасында жақын арада өтетін жекпе-жекке дайындығы туралы жазба қалдырған.
Осы жазба астына пікір қалдырған Бекзад Нұрдәулетов егер Аманжол Жолтаев бұл кездесуде қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңіп шықса, бір бөлмелі пәтер сыйлайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Жолтаевтың бұл жекпе-жегі 6 маусым күні Алматы Аренада өтеді деп жоспарланған.
Бекзадтың бұл уәдесі спорт жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырып, кездесудің тартысын арттыра түсті.
