Боксшы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желілерде тараған өзінің жоғары салмаққа ауысуы мүмкін деген әңгімелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұған дейін Saq Pro Team командасының бапкері Дәулет Нұрланұлы Sports24.kz сайтына берген сұхбатында Махмұдтың салмақ дәрежесін ауыстыруы мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда боксшы бұл пікірді жоққа шығарды.
Боксшының айтуынша, оның басқа салмақ дәрежесіне ауысатыны жайлы ешқандай нақты жоспар жоқ. Ол бұл әңгіменің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
«Салмақ ауыстырамын деген әңгіме болған емес. Бұл туралы еш жерде айтқан жоқпын. Өз салмағымды жақсы білемін, әрі жоғары салмаққа көшу маған оңай болмайтынын түсінемін. Сондықтан 55 келіден жоғары көтерілетін ойым жоқ», — деді спортшы.
