Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымына Нұркен Нұратов тағайындалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл шешім өңірлік спорт басқармалары басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қабылданды.
«Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Алматы облыстық олимпиадалық резервті даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасын қолдады», — делінген Туризм және спорт министрлігінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейінгі Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Серік Сапиев болған. Ол орынбасарымен болған жанжалдан кейін өз еркімен қызметінен кеткен болатын.
