Стенд атудан Әлем кубогында тарихи жеңіске жеткен Алматы облысының спортшысы Әсем Орынбайға өңір меценаттары жаңа автокөліктің кілтін табыстады, деп жазады Sportbugin.kz.
Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.
Әсем әйелдер арасындағы «скит» бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, финалда 33 нысананы дәл көздеп, әлем рекордын қайталады.
Марапаттау кезінде спорт өкілдері Әсемнің бұл жетістігін қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі екенін атап өтті. Ал Марат Сұлтанғазиев оның жеңісі жас спортшыларға үлкен мотивация беретінін айтып, өңірде талантты атлеттерге қолдау жалғаса беретінін жеткізді.
Өз кезегінде Әсем қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысын айтып, туған жерде қол жеткізген бұл жеңістің өзі үшін ерекше екенін айтты.
Әлем кубогындағы алтын жүлде мен әлем рекордының қайталануы Әсем Орынбайдың әлемдік деңгейдегі мерген екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
