1. Әбдісалан Нұрмаханов — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш бас бапкер. Құраманың тізгінін 1993 жылы ұстады. Атланта олимпиадасында Әбдісаланның шәкірттері бір алтын, бір күміс, екі қола медальді жеңіп алып, жалпы командалық есепте үшінші орынды жеңіп алды.
2. Александр Апачинский — тәуелсіз Қазақстанның бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы әрі Вэл Баркер кубогының иегері ретінде оның ататегі спорттағы тарихымызға алтын әріптермен жазылып қалған Жировтың жеке бапкері болды. Шәкірті әуесқой бокста барлық шыңды бағындырды.
3.Тұрсынғали Еділов — 1997-2001 жылдар аралығында ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Олимпиада ойындарының 4 финалистін шығарды. Жасыл құрлықта екі алтын мен екі күмісті олжалаған жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
4.Мырзағали Айтжанов — ұлттық құраманың ең маңызды тарихи жетістіктері оның есімімен байланысты.
Лондонда Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды.
Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады. Екінші рет бапкерлік қызметке келгенде Ташкентте әлем чемпионатында құрама 4 алтын, 1 күміс еншіледі. Париж Олимпиадасында құрама 1 күміс медаль алып, дәл осы Олимпиада ойындарынан кейін қызметінен босатылды.
5.Қайрат Сатжанов — ұлттық құраманы екі мәрте басқарды. 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алса, ал 2025 жылы World Boxing және Iba нұсқасы бойынша 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алды. Азия чемпионаттарында да топ жарды.
