Халықаралық допингке қарсы агенттік (ITA) қазақстандық ММА-шы
Жалғас Жұмағалиев допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдік туралы хабардар етті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
ITA мәліметінше, 2026 жылдың 12 сәуірінде Арменияның Ереван қаласында өткен жарыс кезінде алынған сынамалардан қазақстандық спортшылар Жалғас Жұмағалиев пен Ерасыл Ғабдулманаптың ағзасынан мельдоний және дростанолон метаболиті анықталған.
Спортшыларға бұл жағдай жөнінде ресми түрде хабар беріліп, олар В сынамасын талдауды талап ету құқығына ие.
ITA ережелеріне сәйкес, спортшыларға уақытша шеттету санкциясы қолданылды.
Алайда олардың дисквалификация мерзімі әзірге белгіленген жоқ.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағалиев самбодан Әлем кубогының күміс жүлдегері.
