Біріккен күрес әлемі (UWW) Қырғызстан күрес федерациясына 2025 жылғы Азия чемпионатының қола медалін жолдады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған дейін қырғызстандық балуан Тайырбек Жұмашбекұлы Иорданияда өткен құрлық біріншілігінің қола жүлдегері деп ресми түрде танылған болатын.
Ол жарыста 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жартылай финалға дейін жеткен еді. Алайда финалда жолдама беретін белдесуде моңғолиялық Цогбадрах Цевенсуренге есе жіберсе, қола медаль үшін өткен кездесуде КХДР өкіліне жол беріп, жарысты бесінші орынмен аяқтаған.
Кейіннен моңғолиялық балуанның допинг қолданғаны анықталып, оның Азия чемпионатындағы нәтижесі жойылды. Осыған байланысты КХДР спортшысы күміс жүлдеге көтерілсе, Тайырбек Жұмашбекұлына қола медаль берілді.
UWW ұйымы жүлдені Бішкек қаласына жедел пошта арқылы жіберген.
