Дзюдошы Абиба Әбужақынова неке қиғаннан кейінгі алғашқы халықаралық жарысына қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Абиба Әбужақынова 24-29 маусым күндері Қытайдың Циндао қаласында өтетін Grand Prix турнирінде 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Қазіргі таңда спортшы Хорватияның Пореч қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында дайындалуда.
Айта кетейік, аталған Grand Prix жарысы Абиба Әбужақынованың үзілістен кейін татамиге қайта оралатын алғашқы халықаралық турнирі болмақ.
