UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасы төңірегіндегі қауесеттерге жұбайы Гүлайым Рахмонова жауап берді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлеуметтік желілерде ерлі-зайыптылардың қайта татуласқаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Гүлайым Рахмонова бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтып, ажырасу процесі әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі таңда жағдай өзгермеген және ресми шешім шыққан кезде бұл туралы өзі хабарлайды. Сондай-ақ ол жұртшылықты әлеуметтік желілердегі қауесеттерге сенбеуге шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін жол-көлік оқиғасынан кейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновтың отбасынан кеткенін айтып, ажырасуға ниетті екенін жариялаған еді. Содан бері жанкүйерлер арасында олардың қайта қосылуы мүмкін деген түрлі болжамдар айтылып келген.
