Бекзат Саттарханов әуесқой бокс тарихындағы ең үздік былғары қолғап шеберлерінің қатарына енді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Британдық бокс сарапшысы Мэтт Робинсон өз рейтингінде 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты әуесқой бокс тарихындағы 122-үздік спортшы деп таныды.
Бұған дейін сарапшы тізіміне Артур Бетербиев пен Өзбекстанның 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Мұхаммадқодир Абдуллаев енген болатын. Олар сәйкесінше 140 және 138-орындарға жайғасты.
Сондай-ақ рейтингте Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшылардың басты қарсыластарының бірі болған өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаев та бар. Ол 131-орыннан көрінді.
Қазақстандық боксшылардың арасынан Мэтт Робинсон бұған дейін 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевты 142-орынға орналастырған еді.
