Қытайдың Гуянг қаласында өтетін Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Ерлер құрамасы:
50 кг — Санжар Тәшкенбай;
55 кг — Тимур Қабдешов;
60 кг — Серік Теміржанов;
65 кг — Санатәлі Төлтаев;
70 кг — Абылайхан Жүсіпов;
75 кг — Тимур Нұрсейітов;
80 кг — Сабыржан Аққалықов;
90 кг — Нұрбек Оралбай;
+90 кг — Айбек Оралбай.
Әйелдер құрамасы:
51 кг — Алуа Балқыбекова;
54 кг — Назым Қызайбай;
60 кг — Виктория Графеева;
65 кг — Аида Әбікеева;
70 кг — Лаура Есенгелді;
75 кг — Наталья Богданова;
80 кг — Валерия Аксенова;
+80 кг — Дина Исламбекова.
Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогы 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуянг қаласында өтеді. Сонымен қатар, бұл жарыста Нұрбек Оралбай мен Сабыржан Аққалықов жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынамақ.
