Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Циндаодағы Гран-при турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда әзербайжандық Руслан Пашаевтан басым түсті.
Енді финал жолдамасы үшін Ғұсман бразилиялық Рональд Лимамен белдеседі.
Айта кетейік, осыған дейін 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне жолдама алған болатын.
