Елдос Сметов Циндаодағы Гран-при турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қытайда өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында өнер көрсетті.
Бұл кезеңде қазақстандық балуанның қарсыласы франциялық жас дзюдошысы Энзо Жан болды. Белдесу барысында француз спортшысы ваза-ари ұпайын еншілеп, жеңіске жетті.
Енді Елдос Сметов жұбаныш белдесулерінде бақ сынайды.
Турнирдің алғашқы айналымында Елдос қытайлық Сунь Цзяхаоны иппонмен жеңсе, 1/8 финалда әзербайжандық Балабей Агаевтан ваза-ари есебімен басым түскен еді.
Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при жарысы Елдос Сметов үшін Париж Олимпиадасындағы тарихи жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық турнир болып отыр.
