Елдос Сметов Қытайда өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола медаль үшін күресу мүмкіндігіне ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш кездесуінде Сметов Өзбекстан өкілі Самариддин Кучкаровпен татамиге шықты.
Сметовтың қарсыласы 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы және 2026 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері саналады.
Белдесу қорытындысы бойынша Елдос Сметов жеңіске жетіп, Гран-при турнирінің қола жүлдесі үшін күресуге жолдама алды.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының чемпионы жарысты Қытай спортшысы Сунь Цзяхаоны жеңуден бастады. Кейін 1/8 финалда әзербайжандық Балабей Ағаевтан басым түссе, ширек финалда Франция өкілі Энзо Жанға есе жіберген болатын.
