UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегіне қатысты Эдуард Базров Sportskz-ке берген сұхбатында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Жаңа жылдан кейін, ақпан айында ораламыз. Себебі жекпе-жекке дайындық үшін кемінде үш айлық оқу-жаттығу жиыны қажет. Бұл үшін аяқты толық емдеп алу керек.
Мүмкін, бір жарым айдан кейін аяғымызбен толыққанды жұмыс істей алатын шығармыз. Тек содан кейін ғана дайындықтың белгілі бір кезеңдерін жоспарлай аламыз», — деді Эдуард Базров.
Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың октагонга шықпағанына 1,5 жылдай уақыт болды.
