Лондондық «Челси» футбол клубы Дастан Сәтпаевтың қатысуымен жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Челсидің» инстаграм парақшасында команданың Австралиядағы жаттығуға келген сәті көрсетілген. Кадрларда футболшылар мінген автобустың келуі және ойыншылардың бірінен соң бірі түскені бейнеленген. Олардың арасында Дастан Сәтпаев та бар.
Сонымен қатар, «Челсидің» ашық жаттығуынан да видеолар тарады. Сиднейде өткен жаттығуға қазақстандық жанкүйерлер Дастан Сәтпаевты қолдау үшін арнайы келген.
Айта кетейік, «Челси» Сиднейдегі маусым алдындағы тур аясында «Вестерн Сидней Уондерерс» және «Тоттенхэммен» жолдастық кездесулер өткізеді.
