Волейболдан Түркия әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Түркиялық волейболшылар Макаода өткен финалда Бразилия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Кездесудің үздік ойыншысы Мелисса Варгас атанды.
Осылайша, Түркия құрамасы Ұлттар лигасында тарихында екінші рет чемпион атанды. Бұған дейін түрік волейболшылары 2023 жылы жеңіске жеткен.
Түркия финалға дейін ширек финалда Канаданы 3:1, жартылай финалда Қытайды 3:0 есебімен жеңді.
Ал Бразилия құрамасы Ұлттар лигасының финалына бесінші рет шығып, бесінші рет жеңіліс тапты.
