Өзбекстандық MMA жауынгері Рамазан Теміров Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізгісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұған дейін Теміров допингке байланысты дисквалификациясына байланысты Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізе алмаған еді. Кейін ол UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтердің орнына Стив Эрцегке қарсы октагонға шығып, австралиялық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында Рамазан Теміров Асу Алмабаевпен қайта кездесуге қатысты ойын айтты.
«Қазақстан мен Өзбекстан — бір-біріне жақын халықтар. Сондықтан мен онымен төбелескім келмейді, ол да менімен айқасқысы келмейді. Біз жақын доспыз. Бірақ UFC бізге осындай мүмкіндік берсе, онда жекпе-жек өткізуге тура келеді», — деді Теміров.
Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы үш жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жетіп, соңғы кездесуінде Чарльз Джонсонды сирек кездесетін Сулоев әдісімен жеңген. Қазір қазақстандық файтер жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде бесінші орында тұр.
