Бакуде күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты басталды. Жарыс жолына алғаш боп грек-рим күресі балуандары шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Әли Алмас жартылай финалда армениялық Арарат Аветисянды 4:1 есебімен жеңіп, финалға шықты.
Қазақстандық балуан алтын медаль үшін финалда ресейлік Солтан Юсуповпен кездеседі.
Айта кетейік, Әли Алмас жарыс жолында венгриялық Бенедек Томборды 9:0 есебімен жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Абдышүкүр Дурусалиевтен 8:0 есебімен басым түсті.
