Бакуде күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты басталды. Жарыс жолына алғаш боп грек-рим күресі балуандары шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Дияр Аманәлі жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңіп, финалға шықты.
Дияр алтын медаль үшін өтетін белдесуде венгриялық Кеве Ковачпен кездеседі.
Айта кетейік, отандасымыз жарыс жолын іріктеу кезеңінен бастап, грек балуаны Николаос Зинисаны 8:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда ресейлік Эдем Пайзиевтен 3:1 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда грузиялық Гиорги Кеделидземен белдесуі 1:1 есебімен аяқталып, қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс Диярға берілді.
