Гонконгта семсерлесуден әлем чемпионатының жекелей жарыстары аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені шпагашы Кирилл Проходов көрсетті. Ол жарыстың 1/8 финалына дейін жетіп, қорытынды есепте 16-орынға тұрақтады.
Руслан Курбанов 18-орынға ие болса, Ерлік Сертай 41-орынға, Вадим Шарлаимов 50-орынға жайғасты.
Әйелдер арасындағы сайыста Ирина Бакалдина 41-орын, София Николайчук 49-орын, Владислава Андреева 71-орын, Дарья Самоделкина 114-орын алды.
Ерлер арасындағы рапира бәсекесінде Тимофей Семенов 75-орын, Ғалым Нұрымов 109-орын, Тамирлан Қалиев 126-орынмен жарысты аяқтады. Әйелдер арасында София Ақтаева 49-орынға табан тіресе, Алена Гноева 105-орын, Алина Искандерова 119-орыннан көрінді.
Семсер сайысында да қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алмады. Әйгерім Сарыбай 53-орын, Карина Доспай 57-орын, Анастасия Гулик 61-орын, Қайша Жаныбек 77-орын иеленді. Ерлер арасында Артем Саркисян 51-орын, Қуаныш Ергашбай 53-орын, Анзарбай Саттархан 56-орын, Нұрмұхаммед Жайлыбай 79-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 28 шілдеде әлем чемпионатында командалық жарыстар басталады.
