Энцо Фернандес әлем чемпионатының финалында алаңнан қуылғаннан кейін ауыр күйзеліске түскен, деп жазады Sportbugin.kz.
Футболшының жұбайының айтуынша, финалдан кейін Аргентина ойыншыларының ешқайсысы оған хабарласып, қолдау көрсетпеген.
Аргентиналық жартылай қорғаушы ешкіммен сөйлеспейді, тамақ ішуді де қойған. Сондай-ақ ол өз-өзіне тұйықталып қалған.
Айта кетейік, Фернандес финалда төрешімен сөзге келіп сары қағаз алғаннан кейін, матч соңында испаниялық Пау Кубарсиге қарсы қауіпті ойын көрсетіп, екінші сары қағазбен алаңнан қуылған еді.
