Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты, деп жазады Sportbugin.kz.
17 жастағы футболшы Австралияның «Вестерн Сидней Уондеререрс» клубына қарсы өткен жолдастық кездесуде алғаш рет «Челсидің» негізгі құрамында алаңға шықты.
Матчтың 7-минутында қарсылас қақпасын дәл көздеп, ағылшын клубындағы алғашқы голын өз еншісіне жазды.
Кездесу Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында «Челсидің» Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтіп жатыр.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұған дейін «Челсидің» Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін команданың құрамына енгізілген болатын.
