Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Елеусінов болған жағдайға қатысты қысқаша пікір білдірді.
«Болар іс болды. Бұл жағдайға қатты өкінемін», — деді.
Айта кетейік, 9 шілде күні Данияр Елеусінов жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталған болатын. Сот оны мас күйде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырған еді.
